Жаңалықтар

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды: оқиғаға қатысты не белгілі?

Алматы облысында екі жасар егіздердің анасы қайтыс болды. Әйелдің өліміне қатысты ақпаратты «НеМолчиKZ» қоры жариялаған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды. 

  Марқұмның анасы қызының өліміне күйеуін кінәлайды. Оның айтуынша, әйел қайтыс болардан бірнеше күн бұрын күйеуінен зорлық көрген. Туыстарының мәліметінше, 23 шілдеде ер адам әйелді ұрып, қолын сындырған. Үш күннен кейін, 26 шілдеде, әйел қайтыс болған. Бұл деректерді құқық қорғау органдары әлі тексеріп жатыр. 

 Алматы облысының полициясы бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тараптардың барлық уәжін тексеріп, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылдайтынын мәлімдеді.