Аяқ қолы байланып, тірідей көмілген азамат көрден өзі босап шыққан
Аяқ қолы байланып, тірідей көмілген азамат көрден өзі босап шыққан
ашық дереккөзі
Үндістанның Гондал қаласының тұрғыны Капил Маракана қаскөйлердің тірідей көмгеніне қарамастан, өз күшімен босап шыққан, - деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі The Times of India сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, бұрынғы жұмыс берушісі жәбірленушіні өзінің шығынға ұшырағанына кінәлап, есесін қайтармақ болады. Ол өзінің сыбайластармен бірлесіп, азаматты ұрып-соғып, ұрлап әкетіп, қол-аяғын байланған күйінде көміп тастайды.
Маракана барынша топырақтың астынан шығуға әрекеттенеді. Алдымен бір аяғын босатқан ол, кейін бүкіл денесін көмілген топырақ астынан босатып шығарады. Жәбірленуші жақын маңдағы түрмеге барып, болған жайды баяндап береді. Қылмыскерлер тұтқынға алынды.