АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты
Қазақстан АҚШ Мемлекеттік департаментінің туристік қауіпсіздік жөніндегі ең қолайлы - Level 1 санатынакірді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Америкалық туристер үшін Қазақстанға сапар барысында тек қалыпты сақтық шараларын сақтау жеткілікті. Level 1- саяхатшыларға қойылатын қауіп деңгейі ең төмен санат. Қазақстан дәл осы деңгейде тұр.
Осылайша, Қазақстан туристік қауіпсіздік бойынша АҚШ-тың қолайлы бағасын алған елдердің қатарына қосылды. Бұл санатқа әлемдегі бірқатар танымал туристік бағыттар да кіреді.