Жаңалықтар

Қазақстанның алдағы үш жылдық бюджетінде қандай өзгерістер болады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды. 

Ақорда мәліметінше, жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері қаралды.

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін экономикалық өсімді қамтамасыз етуді және республикалық әрі жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін сақтауды тапсырды.

Сонымен қатар Президент алдағы үш жылдық бюджет кезеңіндегі негізгі бағыттарға тоқталды. Оның айтуынша, ауруханалар, балаларды оңалту орталықтары, мәдениет және спорт нысандарының құрылысын жеделдету маңызды.