Аймақтар

Өскеменде ата-анасынан адасып қалған 12 жастағы қытайлық турист табылды

16 тамыз күні сағат 15:30 шамасында Өскемен қаласындағы сауда үйлерінің бірінде Қытай Халық Республикасының 12 жастағы азаматы жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлама түскен,— деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге турист ретінде қалаға келген. Сауда үйін аралау кезінде ол ата-анасынан көз жазып қалып, оларды өз бетінше таба алмаған.

«Кәмелетке толмаған баланы іздеуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. 40 минуттан кейін бала табылып, ата-анасына тапсырылды», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Осылайша, баланың жоғалғаны туралы ақпарат қысқа уақыт ішінде анықталып, ол аман-есен ата-анасымен қайта қауышты.