Абай облысында жүк көлігі жолдың қақ ортасында аударылды
Абай облысындағы Алматы–Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылып, жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға кезінде жүргізуші көлікті басқара алмай қалған, алайда апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Жол-көлік оқиғасы 14 тамыз күні сағат 14:00 шамасында Алматы–Өскемен автожолының 908-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Фотон» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бақты ауылынан Атырау бағытына қарай келе жатқан.
Жол үстінде жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, соның салдарынан жүк көлігі аударылған. Апаттан адам жарақат алмағанымен, көлік құралына материалдық шығын келген.
Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тиісті тексеру жүргізуде. Құзырлы орган жүргізушілерге жолдағы жағдайды ескеріп, жылдамдықты сақтауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.