Жаңалықтар

Канье Уэст Қазақстанда: рэперді Алматыда қазақы дәстүрмен қарсы алды

Әлемдік музыка сахнасындағы аты шулы орындаушылардың бірі Канье Уэст Қазақстанға келді. Алматы әуежайына қонған рэперді бұл жолы қызыл кілеммен емес, қазақы дәстүрмен қарсы алды: ұлттық билер орындалып, қонаққа елдің мәдениеті таныстырылды. Ал бүгін, 14 тамызда, ол Алматыдағы Орталық стадионда қазақстандық тыңдармандар алдына шығады, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Музыкантты ұлттық билермен қарсы алып, дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Осылайша жұлдызға Қазақстанның қонақжайлығы мен ұлттық мәдениетінің ерекшелігі көрсетілді.

Канье Уэсттің Алматыға сапарының басты себебі – бүгін, 14 тамызда өтетін концерті. Әлемге танымал орындаушы Орталық стадионда өнер көрсетеді. Концертті қазақстандық тыңдармандар ғана емес, рэпердің шығармашылығын шетелден бақылап жүрген жанкүйерлер де асыға күтіп отыр. Музыка әлеміндегі ірі есімдердің бірінің Алматы сахнасына шығуы қаладағы басты мәдени оқиғалардың біріне айналмақ.