Жаңалықтар

Абайды таныған ұрпақ: Қызылордада облыстық байқау өтті

Қызылорда облысында 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты облыстық байқау өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Шара барысында қатысушылар мен қонақтар «Адамзаттың Абайы» атты көрме-инсталляциямен танысты. Көрмеде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, философиялық ойлары мен рухани мұрасы кеңінен таныстырылды.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай байқауға қатысушыларды Абай күнімен құттықтап, ұлы ақын мұрасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі және ұлттық руханиятты дамытудағы маңызына тоқталды.

Байқауға Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан жоғары және орта арнаулы білім беру ұйымдарының студенттері мен жастарынан құралған 8 команда қатысты.

Атап айтқанда:

• «ЗЕРТТЕУШІЛЕР» тобы – Қызылорда қаласы;

• «КІТАП ҚҰРТТАРЫ» тобы – Қызылорда қаласы;

• «СЫР ЗЕРЕКТЕРІ» тобы – Қазалы ауданы;

• «ХӘКІМ ЖОЛЫ» тобы – Қармақшы ауданы;

• «ЖЕҢІС» тобы – Жалағаш ауданы;

• «ӘДІЛЕТ» тобы – Сырдария ауданы;

• «МҰРАГЕР» тобы – Шиелі ауданы;

• «ЖАЛЫН» тобы – Жаңақорған ауданы.

Қатысушылар Абайдың қара сөздерін мәнерлеп айту, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру, «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша қойылым көрсету және Абай әндерін орындау кезеңдерінде өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды.

Байқау қорытындысы бойынша:

• І орын – Қазалы ауданының «СЫР ЗЕРЕКТЕРІ» тобы;

•  ІІ орын – Жалағаш ауданының «ЖЕҢІС» тобы;

• ІІІ орын – Жаңақорған ауданының «ЖАЛЫН» тобы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табысталды.