Шалқарда тойдан кейінгі төбелесте 26 жастағы жігіт қаза тапты
Шалқарда үйлену тойынан кейін төбелес болып, салдарынан 26 жастағы ер адам ауыр жарақат алған. Ол ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Newsroom.kz Toppress-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 8 тамызда болған. Төбелестен кейін жарақат алған жас жігіт медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.