Алакөлде жоғалып кеткен 6 жасар қыз аман-есен табылды
Алакөл көлінің Ақши ауылындағы жағалауда жоғалып кеткен 6 жасар қызды полицейлер жедел іздеп тапты,— деп хабарлайды newsroom.kz
Кішкентай қыздың жоғалғаны жайында хабарлама түскен бойда полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Олар жағалау аумағын, демалыс орындарын және жақын маңды тексеріп, су айдынында қайықпен іздеу жүргізді.
Бүлдіршін көп ұзамай аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.