Түркістанда 500 талапкерге тегін білім гранты тапсырылды

29 Тамыз, 2018 896 0

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия квотасын жеңіп алған талапкерлерге тегін білім беру сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасы тарапынан 500 грант орындары бөлінді. Бұл - ҰБТ мен кешенді тесттен жоғары ұпай жинап, алайда Қазақстан грантына іліге алмаған талапкерлерге білім алуға берілген мүмкіндік.

"Білімді жастарға Түркия грантын үлестірген оқу орны дарынды талапкерлерге басымдық беріп отыр. Әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған білім сертификаттары Халықаралық және республикалық пәндік олимпиаданың 34 жеңімпазына, Әлем, Азия, республика деңгейінде жүлдегер атанған 10 спортшы жас жеткіншекке, сондай-ақ, 10 тұл жетімге берілді. Олардың қатарында Еламан Балтабаев, Әбдіғани Бибарыс, Әубәкір Мәди, Диана Раимова, Молдаш Кемелбек секілді болашағынан зор үміт күттірген спортшылар мен «Ақберен», «Ата-жұрт», «Ясауи», «Дінтану» халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен мүшайраларының жеңімпаздары бар. Ал, қалған білім гранттары ҰБТ мен кешенді тесттен жоғары ұпай жинап, алайда мемлекеттік грантқа іліге алмаған білімді жастарға үлестірілді", - делінген оқу орнының хабарламасында.

Сондай-ақ, университет түлектері Нұртаза Көкенов, Ербол Шаланов және Еркін Жақыпов сынды азаматтардың атынан үш жартылай жетім студентке 300 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Айта кетер болсақ, Ахмет Ясауи университеті биылдан бастап білім алу төлемақысын төмендетіп отыр.



Тегтер: Оқу, білім, студент, Түркістан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.