Жаңалықтар

Шымкенттік азамат: Жер бетіне қауіп төніп тұр

Жер бетіне қауіп төніп тұр! Шымкент тұрғыны осылай деп елді шошытты! Тылсым күштің иесімін деген 57 жастағы азамат, көктен белгі берілгенін айтты. Оның сөзінше, адамзатқа ақырзаман мезгілі жақындап қалған. Бірақ, бұл сөзі үшін көріпкелді "жынды" деп мазақ қылатындар көп екен. Жаратушымен тілдестім деген Абай Пішенбаев қандай қауіп туралы айтты? Оның сөзі қаншалықты шын? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Алла-Тағалам сынақ ретінде көрейік бұл адамдарды деп ең бірінші адам етін жегіш Қытайлардан бастайын деп ауруды жіберді. Ал, енді бұдан да сорақысы бар алдарыңда күтіп тұрған дейді. Абай Пішенбаевтың ерекше қасиетке ие болдым дегенін біз осыдан екі жыл бұрын айтқан едік. Сол кезде ол жаратушымен сөйлесіп жүргені жайында эксклюзивті сұхбат беріп, біраз көрерменнің сынына ұшыраған-тын. Бірақ, 57 жастағы азаматты бұл айыптаулар өз райынан қайтара алмады. Қайта қатайып барады.  АБАЙ ПІШЕНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Маған берген уақытта мен білемін, Алла-тағалам біледі.Сол уақытты мен қолымнан келгенінше хабарлап жатырмын». Айтуынша, белгісіз тылсым күштің әсерін ол бір емес бірнеше мәрте сезген. Ешкім ескертуіне құлақ аспаған. Ақымақ, алжыған адам деп айтады екен көпшілігі. Әңгімесін тыңдайды, бірақ, сырт айналып, мазаққа айналдырады. АБАЙ ПІШЕНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Сол мазақ қылған адамзаттың алдына мен сені шығарамын. Ей, мынау жүрді ғой хабарлап, қияметке дайындалыңдар, намаз оқыңдар бір-біріңе жақсылық сауап жинап қалыңдар деп. Жүрді ме жүрді.Сендер оны жынды дедіңдер, ауру дедіңдер. Мүмкін емес Алламен тілдесу деп күмән келтірдіңдер, деп айтуыма оңай болады, сен хабарлай бер деді». Тәңірмен тілдесуді ең алғаш 1997 жылдың желтоқсанында бастағанын айтады. Содан бері байланысқа жиі-жиі шығып тұрамын дейді. Оны өзі былайша түсіндіреді. АБАЙ ПІШЕНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Алла-Тағалам, Сізге қарай сөйлеген кезде, Сіз өзіңіз тыңдауға еріксіз боласыз. Денеңіз тыңдап тұрады. Мұны ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес». Абай Пішенбаев осы айтқан әңгімелерін әлем халықтары тілдеріне аударуды жөн көріп жүр. Сол үшін діндарлармен де ақылдаспақ ниетте. Бірақ, онысын бірі құптар, кейбірі келеке етер. Бастысы, өз міндетін орындаса болғаны. Кейіпкердің арманы да осы.