Жаңалықтар

Пашинян Армения премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне қайта тағайындады,— деп хабарлайды newsroom.kz

Елдің Конституциясына сәйкес, жаңа парламенттің өкілеттік мерзімі басталғаннан кейін президент Ұлттық жиналыста көпшілік дауысқа ие саяси күштің ұсынысымен премьер-министрді тағайындайды.

Парламент сайлауының қорытындысы бойынша биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы 64 мандатқа ие болды. Бұл партияға жаңа үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ парламентке «Күшті Армения» блогы 29 мандатпен және «Армения» блогы 12 мандатпен өтті.