Жаңалықтар

Қазақстан Президенті G20 саммитіне қатысады

Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды newsroom.kz

ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесуі өтті.

Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ Мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады.

Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды.