Ақтаудағы «Shahristan» кешенінде өрт: 80 шаршы метр аумақ отқа оранған
Бүгін Ақтауда «Shahristan» қонақүй кешенінің аумағында өрт болды,—деп хабарлайды newsroom.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметінше, «Алтын Күн» демалыс базасы маңында орналасқан «Shahristan» қонақүй кешенінің аумағындағы өрт туралы хабар бүгін сағат 13:20-да түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, мейрамхана шатырының шамамен 80 шаршы метр аумағы отқа оранған.
Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
Ал облыстық Полиция департаменті қызметкерлері оқиғаға жедел әрекет етіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
«Өрт туралы хабар түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Төтенше жағдай қызметтері келгенге дейін полицейлер қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт сөндіру техникаларының кедергісіз өтуін ұйымдастырды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қабылдады. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында қауіпті аймақта адамдардың жиналуына жол берілмей, құтқару қызметтерінің кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды», – делінген мәлімдемеде.