Академик Төлеген Мұхтар — М.Әуезов университетінің жаңа ректоры
Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен заң ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Төлеген Мұхтар Әділбекұлы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ректоры болып тағайындалды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Төлеген Мұхтар Әділбекұлы 1980 жылғы 16 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданы, Шолақ қорған ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. 1997 жылы №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1997 ж. 2001 ж. аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде (Алматы қ.) білім алды. 2001 жылы сол жоғары оқу орнының тергеу-криминалистік факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік түлегі атанды.
Еңбек жолын оқытушылық және заңгерлік қызметтен бастаған Төлеген Мұхтар Әділбекұлы әр жылдары ҚазГЗУ құрылымдарында ректордың көмекшісі, ғылыми бөлімнің бас маманы, колледж бөлімінің меңгерушісі және факультет деканы қызметтерін атқарған:
• 2003 ж. 2006 ж. аралығында ҚазГЗУ Алматы заң Академиясында қызмет атқарды: ректор көмекшісі, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы, ҚазГЗУ ғылыми бөлімінің бас маманы;
• 2006 ж. 2007 ж. аралығында ҚазГЗУ Құқық және экономика колледжінің құқықтық пәндер бөлімі меңгерушісі;
• 2007 жылдың маусым-тамыз айларында Алматы қ. Бостандық ауданының №169 сайлау учаскесінің төрағасы болды;
• 2007 ж. 2008 ж. аралығындаҚазГЗУ Алматы заң Академиясының кәсіпкерлік құқық және қаржы факультетінің деканы (Алматы қ.) қызметін атқарды;
• 2008 ж. 2012 ж. аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде қызмет атқарды: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті ректорының кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитеті халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу және әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары (Алматы қ.);
• 2012 жылғы 26 қаңтардан 2016 жылғы 24 мамырға дейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды;
• 2016 жылдың 24 мамырдан 2017 жылдың 7 сәуірі аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректор Аппаратының басшысы болды.