«Christie’s және Global Citizen ұйымдары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатынан кейін ФИФА-ның азаматтық білім беру жөніндегі халықаралық қорын қолдау мақсатында арнайы онлайн-аукцион өткізетінін жариялайды. Аукционға турнирдің алғашқы үш ашылу матчында қолданылған доптар, сондай-ақ тарихтағы алғашқы Global Citizen Halftime шоуында Шакира, BTS және Мадонна пайдаланған сахналық заттар қойылады», – делінген хабарламада.
Сауда-саттық 22-29 шілде аралығында Christie’s сайтында өтеді. Жиналған барлық қаражат ФИФА-ның Жаһандық білім беру қорына және кедейлікпен күресетін Global Citizen үкіметтік емес ұйымына бағытталады. Бұл қаражат әлемнің 200 еліндегі балалардың білім алуына және футболмен айналысуына қолжетімділікті арттыруға жұмсалады.
The Athletic басылымының мәліметінше, аукцион лоттарының қатарында Лионель Месси, Рауль Хименес және АҚШ құрамасы ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейделер, финалдың ресми добы, ашылу матчтарында пайдаланылған доптар, сондай-ақ турнирдің ресми Dai Dai әніне түсірілген бейнебаяндағы Шакираның киімі болады.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 19 шілде күні Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионында өтеді. Финалда Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.
Үшінші орын үшін матч дәл осы күні Майамиде өтіп, онда Франция мен Англия құрамалары бақ сынайды.