Әлем

Halyk Bank әлемдік рейтингте Қазақстан банктері арасында көш бастады

Қазақстанның алты банкі әлемдегі The Banker Top 1000 World Banks рейтингіне енді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Олардың ішінде ең жоғары орынға Halyk Bank ие болып, рейтингте 271-орынға тұрақтады. Банк Люксембургтің BCEE Luxembourg және Швейцарияның Migros Bank банктерінің арасында орналасқан.

Сонымен қатар, Kaspi Bank – 522-орын, Alatau City Bank – 615-орын, Банк ЦентрКредит – 705-орын, ForteBank – 710-орын, ал Еуразиялық банк 973-орынға жайғасты.

The Banker Top 1000 World Banks – әлемдегі ең беделді жыл сайынғы банк рейтингтерінің бірі. Оны Financial Times тобына кіретін британдық The Banker журналы жариялайды.