Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 4500-ге жуықтады
24 маусымда Венесуэлада болған жойқын қос жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандардың ресми саны 4490 адамға жетті. Соңғы бір тәуліктің өзінде үйінді астынан тағы 200-ден астам адамның мәйіті табылған,— деп хабарлайды newsroom.kz
Венесуэла үкіметі із-түзсіз жоғалғандардың нақты санын әлі күнге дейін жариялаған жоқ.
Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта 315 адамның мәйіті әлі анықталмаған. Оның айтуынша, із-түзсіз жоғалғандар жөніндегі мәліметтер толық тексерілгеннен кейін ғана жарияланады.
Құтқару және үйінділерді тазарту жұмыстары, әсіресе ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатында жалғасып жатыр.
Ресми деректерге сәйкес, жараланғандар саны 16 740 адамды құрайды, ал 17 907 адам баспанасыз қалған. Сонымен қатар, шамамен 19 мың зардап шегуші әлі де 94 уақытша лагерьде орналастырылған. Мыңдаған отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр.