Daryn.online 4,2 млн пайдаланушының деректері тарады деген ақпаратқа жауап берді
Daryn.online платформасы әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тараған 4,2 миллион пайдаланушының жеке деректері тарап кетті деген ақпаратты жоққа шығарды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Сондай-ақ, Daryn.online 2025 жылы ақпараттық жүйелері Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан тексеруден өткенін хабарлады.
Тексеру қорытындысы бойынша компанияның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталған. Қазіргі уақытта платформа мамандары жан-жақты техникалық аудит жүргізіп жатыр. Компания аудит аяқталғанға дейін жарияланған деректер базасының көлемі, құрамы немесе шығу тегі туралы кез келген мәлімдеме негізсіз екенін айтты.
Daryn.online тексеру аяқталғаннан кейін толық ресми ақпарат жарияланатынын мәлімдеп, жұртшылықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.