Димаш Құдайберген афроамерикалық полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді

Димаш Құдайберген афроамерикалық полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Димаш Құдайберген афроамерикалық полицей Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды NewsRoom+тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. "Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ", - деп жазды Димаш. Еске салайық, Флойдты полицейлер 25 мамырда ұстаған болатын. Содан соң бір полицей сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды. Жаппай тәртіпсіздік әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Жүктелуде...