Жаңалықтар

Иран Ормуз бұғазының белгісіз мерзімге жабылғанын жариялады

Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) шетелдік кемеге ескерту ретінде оқ атылған оқиғадан кейін Ормуз бұғазының белгісіз мерзімге уақытша жабылғанын мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

КСИР әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, бірнеше кеме бұғаз арқылы «рұқсат етілмеген бағытпен» өтуге әрекет жасаған. Оқиғалардың бірінде ирандық әскери күштер кемені тоқтату мақсатында ескерту ретінде оқ атқан.

Иран тарапы шетелдік күштердің әрекетін «заңсыз араласу» деп бағалап, қосымша хабарламаға дейін ешбір кемеге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берілмейтінін мәлімдеді. КСИР-дің айтуынша, бұл шектеулер АҚШ аймақтағы қызметін тоқтатқанға дейін күшінде болады.

Сонымен қатар, Ұлыбританияның Теңіз сауда операциялары орталығы (UKMTO) Оман жағалауынан шығысқа қарай контейнер тасымалдайтын кемеде өрт шыққанын хабарлады. Кеме зақымданғанымен, бұл оқиғаның КСИР мәлімдеген кемемен байланысты екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кемелерге жасалған шабуылдарды тоқтатуды талап еткені хабарланған болатын.