Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі Мешхед қаласында аяқталды
Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеиді жерлеу рәсімі оның туған қаласы Мешхедте аяқталды. Ол 2024 жылы тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті Эбрахим Раисимен қоштасу рәсімі өткен Имам Реза кесенесіне жерленді,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы snob.ru сайтына сілтеме жасап.
Әли Хаменеймен қоштасуға келген халықтың көптігіне байланысты ұйымдастырушылар қаралы шерудің бағытын өзгертуге мәжбүр болды. Жерлеу кортежі кесенеге жете алмағандықтан, марқұмның денесі жерлеу орнына тікұшақпен жеткізілді.
Жерлеу алдында кесене аумағында Әли Хаменеи мен онымен бірге қаза тапқан отбасы мүшелеріне арнап жаназа намазы оқылды. Рәсімге жүздеген мың зияратшы қатысты. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатыстырылмаған жабық жерлеу рәсімі өтті.
АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан 28 ақпанда қаза тапқан Әли Хаменеймен қоштасу рәсімі 3 шілдеде Тегеран қаласында басталды. Қаралы іс-шараларға әлемнің 100-ден астам елінің ресми делегациялары қатысты.