Білім

Лукашенконың ұлы Бейжің университетін тәмамдады

Беларусь президенті Александр Лукашенконің кенже ұлы Николай Лукашенко 30 маусым күні Бейжің университетіндегі «Биотехнология» мамандығы бойынша Беларусь–Қытай бірлескен білім беру бағдарламасын сәтті аяқтады. Диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне Александр Лукашенко қатысып, түлектерге ақ жол тіледі. Бұл туралы «Пул Первого» Telegram арнасы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Рәсімнен жарияланған кадрларда Александр Лукашенконың сахнада ұлы Николаймен және өзге түлектермен бірге тұрғаны көрінеді. Барлық жас маман академиялық мантия киіп, оқу бағдарламасын сәтті аяқтағандарын растайтын Қытай мен Беларусьтің екі дипломын қолдарына ұстап тұр.

Айта кетелік, Президенттің ұлы 2022 жылы алмасу бағдарламасы бойынша Бейжіңге барды. Оған дейін ол Беларусь мемлекеттік университетінің биология факультетінің студенті болған.