Жаңалықтар

Ыстықкөлдегі пансионатта 30 адам тағамнан уланды

Қырғызстанда соңғы бір айда қоғамдық тамақтану орындарына қатысты тағамнан уланудың бірнеше дерегі тіркелді. Бұл туралы 24.kg мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 24 маусымда Ыстықкөл облысындағы «Акун» пансионатында жаппай тағамнан улану оқиғасы тіркелген. Салдарынан 30 адам зардап шекті.

Зардап шеккендердің барлығы пансионаттың асханасында тамақтанған. Тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылғаны анықталып, құқық бұзушылық бойынша үш әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 21 мың сом көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы санитариялық нұсқама берілді.