Әлем

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 1700-ден асты

Венесуэлада болған магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты. Елде мыңдаған ғимарат қирап, ондаған мың адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұл туралы Euronews мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Венесуэла билігінің мәліметінше, апат салдарынан 5034 адам жарақат алған, 15 866 тұрғын баспанасыз қалған, ал 22 619 адам медициналық мекемелерде ем қабылдап жатыр.

Ал БҰҰ-ның бағалауынша, із-түзсіз жоғалғандардың саны 68 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

NASA зерттеушілері спутниктік радиолокациялық деректерге сүйене отырып жасаған есепте ел бойынша шамамен 58 870 ғимараттың бүлінгені немесе толық қирағаны анықталған.

Ла-Гуайра – апаттың эпицентрі

Ең көп зардап шеккен өңірлердің бірі – Ла-Гуайра қаласы мен Варгас штаты. Үкімет бұл аумақты апат аймағы деп жариялап, өңірде әскери бақылау енгізді.

Жер сілкінісінен кейін бес күн өтсе де, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Апат аймағына қосымша арнайы техника мен халықаралық құтқарушылар тобы жеткізіліп жатыр. Алайда үйінді астынан тірі қалған адамдарды табуға деген үміт күн өткен сайын азайып келеді.