“Бұл жер Майами емес” өзен жағасындағы демалысқа қатысты дау
– “Бұл жер Майами емес”Үлкен Алматы өзенінің жағасындағы жағдай қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Newsroom.kz
Үлкен Алматы өзенінің жағасында суға түсіп, шомылу киімімен жүрген адамдардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Алматылық Лаура Қабдумұтәліп бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, мұндай әрекетке қарсылық танытты.
Оның айтуынша, өзен жағасында купальникпен жүру мен суға түсу балаларға дұрыс үлгі емес және қауіпсіздік талаптарына да қайшы келеді.
Алайда желі қолданушылары бұл мәселеде екіге бөлінді. Бірі мұны қоғамдық тәртіпке сай емес деп есептесе, енді бірі ешкімге кедергі келтірмеген адамды киіміне бола сынаудың қажеті жоқ екенін айтты.
«Әжені қолдаймын. Ол ешкімге тиіскен жоқ, қалай қаласа, солай жүрсін. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Оның еркін жүрісіне тек құрметпен қараймын», – деп жазды желі қолданушылары.
Лаура Қабдумұтәліптің сөзінше, бұрын бұл аумақ бос жатқан болса, бүгінде ол алматылықтар жиі серуендейтін әрі отбасымен демалатын орынға
«Мұнда шомылуға арналған орын жоқ, өзеннің бойы толықтай қоршалған. Құдай сақтасын, бірақ бір күні осы өзеннен мәйіт шығып жүрмесе екен деп алаңдаймын. Алматының өзінде жағажай жоқ, шомылуға арналған орындар қала сыртында орналасқан. Бір кездері мұндайға тыйым болмаған шығар, бірақ қазір қауіпсіздік талаптары өзгерді. Сондықтан қай жерде суға түсуге болатынын, қай жерде болмайтынын бәрі білуі керек. Бұрын адамдар субұрқақтарға да түсетін, ал қазір оған рұқсат жоқ. Сол себепті өткенді қазіргі уақытпен салыстыру дұрыс емес», – деп жазды ол.
Өз кезегінде, басқарма Үлкен Алматы өзені ағысы қатты әрі суы өте салқын тау өзені екенін ескертті. Ведомство мұндай жерде шомылу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін айтты. Сондай-ақ, арнайы белгіленбеген жерлерде шомылу, киімімен жүру қоғамдық әдеп қағидаларына сәйкес келмейтінін жеткізді.