weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Бүгін, 21:54 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ-та екі адамға футбол көргені үшін 50 мың доллар төлейді

АҚШ-тың екі тұрғыны футболға деген қызығушылығын табыс көзіне айналдырды. Егер олар футболдан әлем чемпионатының барлық матчтарын үзбей көріп, әлеуметтік желілерге тұрақты түрде контент жариялап отырса, әрқайсысы 50 мың АҚШ долларын (шамамен 24 миллион теңге) таба алады. Алайда бұл үшін олар 39 күнге созылатын марафонды толық аяқтауы тиіс,— деп хабарлайды newsroom.kz

АҚШ-та екі адамға футбол көргені үшін 50 мың доллар төлейді

Ерекше жобаға Массачусетс штатынан Кевин Акато мен Флоридадан Остин Франклин таңдалды. Олар FOX One телеарнасы ұйымдастырған байқауда жеңіске жетіп, әлем чемпионатының «бас бақылаушылары» атанды. Жоба шарты бойынша қатысушылар турнирдегі әрбір матчтың әрбір минутын тамашалап, әлеуметтік желілерде тұрақты түрде материалдар жариялауы керек. Егер осы талаптардың біреуі де орындалмаса, уәде етілген сыйақы төленбейді.

«Мен осы мүмкіндік үшін мейрамханадағы жұмысымнан кеттім. Бірақ бастығым қажет болса, кез келген уақытта қайта келуіме болатынын айтты», – дейді Кевин Акато BILD басылымына.

Ал Остин Франклин бұл жобаға қатысу үшін алты аптаға сүйіктісімен уақытша қоштасып, өзін толықтай футбол марафонына арнаған.

Турнирдің финалына дейін қатысушылар Нью-Йорктегі әйгілі Таймс-сквер алаңына орнатылған ауданы 36 шаршы метр болатын мөлдір шыны бокста уақыттарының басым бөлігін өткізеді. Күн сайын мыңдаған адам олардың ерекше жұмысын сырттан бақылап тұрады.

Эксперимент барысында бір-бірін бұрын танымайтын екі қатысушы жақын досқа айналған. Тамақ оларға тікелей шыны боксқа жеткізіледі, ал дәретхана бұрышта орналасқан. Дегенмен олар Таймс-скверде түнеп қалмайды – екеуі де жақын маңдағы қонақүйде тұрады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→