Әлем

Үйінді астындағы 70 сағат: Венесуэлада баланы тірі алып шықты

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен кейін арада 70 сағат өткен соң үйінді астынан 11 жастағы Моисес есімді баланы тірі алып шықты,— деп хабарлайды newsroom.kz

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, 70 сағаттан кейін тірі табылған баланың аман қалуы іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысып жатқан мамандарға үміт сыйлап, тірі қалғандарды іздеуді жалғастыруға жігер берген.

Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) бағалауынша, Венесуэладағы жер сілкіністерінен шамамен 6,76 миллион адам зардап шегуі мүмкін.

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 1 450 адам қаза тапқан.

Елге халықаралық гуманитарлық көмек пен шетелдік құтқарушылар келіп жатыр. Венесуэланың денсаулық сақтау жүйесінде дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардың тапшылығы қатты сезілуде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына әлемнің әртүрлі елдерінен келген мыңнан астам маман, оның ішінде із кесетін қызметтік иттері бар кинологиялық жасақтар жұмылдырылған.