Үндістанда жолбарыс екі адамды өлтірді
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында жолбарыстың шабуылынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы The Times of India басылымы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Газеттің дерегінше, 14 маусым күні жолбарыс Рамнагар ауылы маңында 60 жастағы фермерге шабуыл жасаған. Ал келесі күні сол жолбарыс көрші ауылда тұратын 50 жастағы әйелді өлтірген.
Штаттың орман шаруашылығы департаменті өкілдері бұл екі шабуылды бір ғана жыртқыш жасаған болуы мүмкін деп есептейді. Мамандар жолбарыстың қозғалысын бақылау үшін екі тор-қақпан мен кемінде алты фототұзақ орнатқан.