Жаңалықтар

Қырғызстан Қазақстанға 8,5 тонна қауынды кері қайтарды

Қазақстаннан жеткізілген 8,5 тонна қауын Қырғызстан аумағына кіргізілмей, кері қайтарылды. Бұл туралы 24.kg,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жүк «Чалдыбар» фитосанитариялық бақылау бекетінде тексерілген кезде жүк жөнелтуші мен жүк алушы туралы мәліметтердің сәйкес келмейтіні анықталған.

Осыған байланысты жүктің Қырғызстан аумағына әкелінуіне тыйым салынып, белгіленген тәртіппен Қазақстанға кері қайтарылды.