Әлем

Ресейде торнадо орын алды: зардап шеккендер бар

Ресейдің Свердлов облысында болған дауылдан кейін 16 адам медициналық мекемелерге жүгінген,— деп хабарлайды newsroom.kz

«Аймақта қауіпті метеорологиялық құбылыстар кешенінің салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Сағат 06:00-дегі жағдай бойынша медициналық көмекке 16 адам жүгінді», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар 32 жеке тұрғын үй толықтай қирағаны айтылды. 50 адамға арналған уақытша орналастыру пункті ашылған.

Бұдан бөлек 99 тұрғын үйдің, 25 автокөліктің және 15 электр беру желісінің зақымданғаны туралы хабарланды.