Қазақстанда биыл қандай фильмдер мемлекет қаржысына түсіріледі?
Биыл 18 киножоба мемлекеттік қолдау алуға үміткер болып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Ведомствоаралық комиссия әлеуеті жоғары 18 жобаны іріктеп алды. Мемлекеттік қолдау көркем фильмдер санатында мына жобаларға көрсетіледі:
• «Әйел»;
• «Ізбасар»;
• «Следопыты»;
• «Қумай»;
• «Па»;
• «Чип»;
• «Музыкант»;
• «Алас»;
• «Сонар»;
• «Кастинг»;
• «Екі жүз»;
• «Дорога памяти».
Деректі фильмдер санатында:
• «Жас»;
• «Есть ли место для нас?».
Анимациялық фильмдер санатында:
• «Алдар мен Көсе»;
• «Ветра степи и моря»;
• «Далила»;
• «Алтын Айдарович ұл».
Биылғы конкурсқа көркем, деректі және анимациялық фильмдер бойынша барлығы 323 өтінім түсті. Оның 277-сі Сараптама кеңесінің қарауына жолданды. Бағалау қорытындысы бойынша 107 жоба екінші кезеңге өтті. Ашық қорғау – питчинг кезеңіне 95 жоба іріктеліп, оның трансляциясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Нәтижесінде ұлттық фильм мәртебесін алуға үміткер 34 киножоба ведомствоаралық комиссияның қарауына ұсынылды.