Жаңалықтар

Еліміздің 7 аймағында аптап ыстық болады

Қазақстанның 7 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

3-4 маусым күндері Атырау облысында ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі, күн күркіреп, шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін көтеріліп, күн 35-37 градусқа дейін ысиды. Қызылорда облысында  ауа температурасы 47 градусқа дейін көтеріледі, кейбір жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында 35-38, 40-42 градусқа дейін ыстық болады. Ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, су қоймаларындағы су әлі жылынған жоқ, сондықтан шомылуға әлі ерте.