Әлем

Ирандық әнші хиджабсыз өнер көрсеткені үшін дүре соғу жазасына кесілді

Ирандық әнші Парасту Ахмади мен оның продюсерлік тобының сегіз мүшесі хиджабсыз өнер көрсеткені үшін 74 дүре соғу жазасына кесілді. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

2024 жылдың желтоқсанында 29 жастағы Парасту Ахмади өзінің YouTube арнасында тікелей эфирде «Az Khoone Javanane Vatan» («Отан жастарының қанынан») атты патриоттық әнді орындаған. Әнші эфир барысында хиджаб тақпаған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде кең тарап, миллиондаған қаралым жинаған.

Алайда кейін сот Ахмадиді 74 дүре соғу жазасына кескен. Сонымен қатар, Иранның Құм провинциясының соты оны «қоғамдық мораль нормаларын қорлады» деп танып, екі жылға елден шығуға және шығармашылық қызметпен айналысуға тыйым салды.

Билік жарияланған бейнежазбаны «әдепсіз әрі моральға қайшы контент» деп бағалаған.