Биржада доллар бағамы 488 теңгеден төмен түсті
Бүгін сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 487,67 теңгені құрады,— деп хабарлайды newsroom.kz
Kurs.kz порталының мәліметінше, сағат 11:14-тегі жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде доллардың ең жоғары сату бағамы 493 теңге болса, Алматыда 492 теңгеге жеткен.
Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 18 маусымға белгілеген ресми бағамы 1 АҚШ доллары үшін 489,39 теңгені құрайды. Ұлттық банк келесі күнге арналған теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамын Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы негізінде белгілейді.