Жаңалықтар

Өзбекстанда торлы питонды заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

Өзбекстанның «Навои» шекаралық кеден бекетінде торлы питонды ел аумағына заңсыз алып кіру әрекеті орын алды,— деп хабарлайды newsroom.kz

ұл туралы Самарқанд облыстық Кеден басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, торлы питон халықаралық деңгейде қорғалатын жануарлар қатарына жатады. Сондықтан оны мемлекет аумағына енгізу үшін арнайы CITES рұқсат құжаты талап етіледі. Алайда жолаушы қажетті құжаттарды көрсете алмаған.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты кеден органдары тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәркіленген жылан Ташкент хайуанаттар бағына тапсырылып, мамандар оның жағдайын бақылауға алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жануардың жағдайы қанағаттанарлық.

Айта кетейік, торлы питон әлемдегі ең ірі жылан түрлерінің бірі саналады. Бұл түрдің халықаралық саудасы мен тасымалы жабайы табиғатты қорғауға бағытталған халықаралық талаптарға сәйкес қатаң реттеледі.