Еркектердің төсектегі күш-қуатын арттыратын көрпеше
Еркектердің төсектегі күш-қуатын арттыратын көрпеше
"Уақыт көрсетеді" жобасы арқылы танылған журналист Нұрсейіт Жылқышыбай жаңа бастаманы қолға алды. Ол ер адамдардың күш-қуатын арттырып, төсектегі белсенділігін күшейтетін көрпеше ойлап тапқан. Журналистің мұндай қадамға баруына еліміздегі ер азаматтардың жыныс ауруларына және белсіздікке жиі ұшырауы себеп болған деп жазады.
"Шыны керек, елімізде простатитке шалдыққан еркектердің саны 60 пайызға жуықтады деген дерек бар. Ал мамандар бұл цифрдың ұлғаюы мүмкін екенін айтады. Бұрынғы бабаларымыз аттан түскен жоқ. Ата-бабаларымыз елуінде, алпысында, жетпісінде бала сүйген. "Алпысбай, Жетпісбайларды" дүниеге келтірген аға буын ізін жалғастыру қиынға соғып тұр. Атқа жиі міну еркектің күш-қуатын арттыратыны баяғыда дәлелденіп қойды. Біздің заманда уақыт бөліп, атқа мінетін ер адамдар жоқтың қасы. Ал жылына екі рет уролог дәрігерге қаралуды өзіне ар санайтындар да көп. Сол себепті, мен осындай көрпешелерді ойлап таптым. Біздің ер азаматтарымыз мықты болуы керек, өмірге дені сау ұрпақ келуі тиіс", - дейді журналист.
Нұрсейіттің айтуынша, бұл көрпешелер табиғи заттардан жасалған.
"Көрпешеге аттың шоқтығы мен пайдалы ағаштар қосылған. Күніне 20 минуттан көрпе үстіне отырсаңыз, кәдімгідей жақсы өзгеріс байқалады. Ал бір аптадан соң нәтиже көп күттірмейді. Көлігіңізге салып алсаңыз да, жұмыстан келген соң жайып қойсаңыз да болады. Менің бұл бастамама Өзбекстан тарапы үлкен қызығушылық танытып отыр. Екі жылдан бері осы кәсіпке ден қойып, зерттедім. Барлығы табиғи дүние. Адамдар оның қасында дәрі-дәрмекті де уыстап ішіп жатады ғой. Қазіргі ер-азаматтар қырықтан асқан соң төсекте жарамсыз болып жатады. Белсіздік бұл үлкен дерт. Бізге онымен күресу керек", - дейді ол.
Ақпарат: KAZ.NUR.KZ. порталынан