Жаңалықтар

Қазақстан инфляция деңгейі ең жоғары 20 елдің қатарына кірді

Қазақстан мен Қырғызстан инфляция деңгейі ең жоғары елдердің алғашқы жиырмалығына кірді. Бұл туралы 24.kg мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

World Economic Outlook баяндамасына сәйкес, 2026 жылы тұтыну бағаларының өсу қарқыны бойынша Қазақстан 10,7 пайыздық көрсеткішпен 18-орынға, ал Қырғызстан 10,6 пайызбен 19-орынға жайғасты.

Сарапшылардың бағалауынша, посткеңестік кеңістіктегі елдер арасында дәл осы екі мемлекетте инфляция деңгейі ең жоғары болады деп күтілуде.

Басқа елдердегі болжамды инфляция көрсеткіштері төмендегідей:

• Өзбекстан – 7 пайыз;

• Беларусь пен Молдова – 6,4 пайыз;

• Украина – 6,1 пайыз;

• Әзербайжан – 6 пайыз;

• Ресей – 5,6 пайыз;

• Грузия – 4,4 пайыз;

• Тәжікстан – 4 пайыз;

• Түрікменстан – 3,9 пайыз;

• Армения – 3,6 пайыз.

Әлем бойынша инфляция деңгейі ең жоғары ел ретінде Венесуэла көш бастап тұр. Онда бағаның жылдық өсімі 387,4 пайызға жетеді деп болжануда.