АҚШ-тағы жойқын дауыл: 100-ге жуық адам жарықсыз қалды
АҚШ-тың батыс өңірлерінде 10 маусым, сәрсенбі күні жойқын дауыл соғып, оның салдарынан жүздеген мың тұрғын электр жарығынсыз қалды. Сонымен қатар, Чикаго қаласының әуежайларында мыңнан астам рейс кейінге шегерілді немесе тоқтатылды,— деп хабарлайды newsroom.kz
АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметі Иллинойс, Канзас, Миссуридің солтүстік бөлігі мен Айованың оңтүстігінде торнадо қаупіне байланысты ескерту жариялады. Сондай-ақ Ұлы көлдер маңындағы бірқатар аудандарда қатты найзағай күтілуде.
Чикаго маңында ауа райының қолайсыздығы екі кезеңмен соғуы мүмкін екені айтылды. Күндіз басталған дауыл ағаштарды құлатып, ғимараттарға зақым келтірген. Кешке қарай табиғат құбылысының күшеюі болжанған.
Метеорологтар жойқын жел, қысқа мерзімді торнадо және нөсер жаңбыр болуы мүмкін екенін ескертіп, оның су тасқынына әкелуі ықтимал екенін мәлімдеді.