Иран әуе кеңістігіндегі барлық шектеуді алып тастады
Иран билігі елдің әуе кеңістігінде бұған дейін енгізілген барлық ұшу шектеулерін алып тастады,— деп хабарлайды newsroom.kz
«Қауіпсіз жағдайлардың қамтамасыз етілуінен және тиісті ведомстволармен қажетті келісімдердің жүргізілуінен кейін ұшуға қойылған шектеулер алынып тасталды. Енді елдің авиациялық қызметі жоспарға сәйкес біртіндеп қалыпты жұмыс режиміне қайта оралуда», – делінген ресми хабарламада.