Туризм

Өзбекстанға бес айда 5,3 миллионнан астам турист келді

2026 жылдың алғашқы бес айында Өзбекстанға 5 миллион 352 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 миллион 148 мың адамға немесе 27,3 пайызға көп,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметке сәйкес, туристер санының артуына соңғы жылдары туризм саласын дамыту мақсатында жүзеге асырылған ауқымды реформалар ықпал еткен. Атап айтқанда, виза рәсімдеу тәртібі едәуір жеңілдетіліп, электронды виза жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілген және бірқатар ел азаматтары үшін визасыз режим енгізілген.

Тек биылғы мамыр айының өзінде елге 1,3 миллионнан астам шетелдік турист келген.

Қаңтар–мамыр айларының қорытындысы бойынша туристік қызметтер экспорты 2 миллиард 244 миллион АҚШ долларына жетті.