Алтын нарығында өзгеріс: Өзбекстан бір айда 1 тонна алтын сатты
2026 жылдың сәуір айында әлемнің орталық банктері жиынтық түрде 17 тонна алтын сатып алды. Бұл туралы Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) есебінде мәлімденді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Бағалы металдың ең ірі сатып алушылары Польша Ұлттық банкі (+14 тонна) мен Қытай Халық банкі (+8 тонна) болды. Чехия Ұлттық банкі де алтын қорын 3 тоннаға толықтырды.
Ресей Орталық банкінің таза алтын сатуы 6 тоннаны құрады. Жыл басынан бергі жалпы таза сату көлемі 22 тоннаға жеткен.
Өзбекстан Орталық банкі сәуір айында 1 тонна алтын сатты. Алайда жылдық есеп бойынша ел әлі де таза сатып алушы болып қалып отыр – соңғы 12 айда оның алтын қоры 24 тоннаға ұлғайған.