Күнбағыс майы қайта қымбаттады: әлемдік нарықтағы жағдай қандай?
Мамыр айында күнбағыс, рапс және соя майларының әлемдік биржалық орташа бағасы 2022 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке көтерілді,— деп хабарлайды newsroom.kz
Мамырда күнбағыс майының орташа бағасы сәуірмен салыстырғанда 1,3%-ға өсіп, тоннасына 1 505 АҚШ долларын құрады. Осылайша, баға 2022 жылдың шілде айынан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Ол кезде өнімнің бір тоннасы 1 556,87 доллар болған.
Рапс майының құны сәуірмен салыстырғанда 8,7%-ға артып, тоннасына 1 472,53 доллар болды. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың тамызынан бергі ең жоғары деңгей саналады. Сол уақытта рапс майының орташа бағасы тоннасына 1 638,85 долларды құраған.
Ал соя майының бағасы мамыр айында алдыңғы аймен салыстырғанда 7,4%-ға қымбаттап, тоннасына 1 775,26 долларға жетті. Бұл – 2022 жылдың мамырынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ол кезде соя майының бір тоннасы 1 962,88 доллар тұрған.