Қазақстанда бір жылда 11 мыңнан астам Changan сатылды
Қазақстандықтар қытайлық Changan брендіне көбірек таңдау жасап жатыр. Соңғы жылдары бұл марка елдегі ең танымал автокөлік брендтерінің қатарына қосылып, сатылым көлемін айтарлықтай ұлғайтты,— деп хабарлайды newsroom.kz
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 11 мыңнан астам Changan автокөлігі сатылған. Осылайша бренд елдегі ең көп сұранысқа ие көлік өндірушілерінің алғашқы ондығына енді.
Ал 2026 жылдың алғашқы төрт айының өзінде 5 мыңнан астам Changan көлігі өз иесін тапқан. Сарапшылар мұны қолжетімді баға, заманауи технологиялар және модельдер қатарының кеңеюімен байланыстырады.
Сондай-ақ ресми деректер бойынша:
• 2024 жылы Қазақстанда 8 510 дана Changan сатылған;
• 2025 жылдың қаңтар–мамыр аралығында 3 847 көлік сатылған;
• 2025 жылдың мамырында Changan көліктерінің сатылымы 1 526 данаға жетіп, бренд алғаш рет нарықта төртінші орынға көтерілген.