Түркияда жаппай жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Түркияның Бурдур провинциясындағы Бучак ауданы арқылы өтетін Испарта–Анталья тасжолында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 11 адам түрлі жарақат алды.
Төрт автокөліктің соқтығысуы кезінде екі көліктің жүргізушісі — Исмаил Кыр мен Фуркан Кюршат Йылдыз, сондай-ақ жолаушылар Инджи Йылдыз (55 жаста) және Рамазан Йылдыз (60 жаста) оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадалары, өрт сөндірушілер мен жандармерия қызметкерлері жіберілді. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.