Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі белгілі болды
Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады.Тізімнің көшін бесінші жыл қатарынан мадридтік «Реал» бастап тұр. Клубтың құны 9,5 миллиард доллар деп бағаланған,— деп хабарлайды newsroom.kz
Рейтингке жалпы құны рекордтық 87 миллиард долларға жеткен 30 команда енді. Бір клубтың орташа құны 2,9 миллиард долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға өскен (2025 жылы – 2,4 млрд доллар).
Әлемдегі ең қымбат 10 футбол клубының қатарына мыналар кірді:
• «Барселона» (Испания) – 7,5 млрд доллар;
• «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 7,2 млрд доллар;
• «Ливерпуль» (Англия) – 6,2 млрд доллар;
• «Пари Сен-Жермен» (Франция) – 5,8 млрд доллар;
• «Бавария» (Германия) – 5,7 млрд доллар;
• «Манчестер Сити» (Англия) – 5,5 млрд доллар;
• «Арсенал» (Англия) – 5,4 млрд доллар;
• «Челси» (Англия) – 4,2 млрд доллар;
• «Тоттенхэм» (Англия) – 3 млрд доллар.
Рейтингте клубтар саны бойынша Англия Премьер-лигасы көш бастады – 11 клуб. Одан кейін АҚШ пен Канаданың Жоғарғы футбол лигасы (MLS) – 7 клуб және Италияның А сериясы (Serie A) – 4 клубпен орналасқан.
Аяқталған маусымда «Реал» соңғы бес жылда алғаш рет бірде-бір трофей жеңіп ала алмады. Испания чемпионатында мадридтік клуб «Барселонадан» 8 ұпай қалып, екінші орын алды. Ел кубогының 1/16 финалында команда екінші дивизион өкілі «Альбасетеге» жол берді. Сондай-ақ мадридтіктер Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмай, «Бавариядан» жеңіліс тапты.