АҚШ-тағы зауыт жарылысы: жоғалған 6 жұмысшы өлі табылды
АҚШ-тың Вашингтон штатының оңтүстігіндегі целлюлоза-қағаз зауытында химиялық резервуар жарылғаннан кейін із-түзсіз жоғалған алты жұмысшының мәйіті табылды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы Вашингтон штатындағы Коулиц округі өрт сөндіру қызметі батальонының басшысы Мэтт Амос мәлімдеді.
«Біз із-түзсіз жоғалған тоғыз адамның алтауының қаза тапқанын растай аламыз», — деді ол.
Еске сала кетейік, Вашингтон штатындағы зауыттағы жарылыс туралы 27 мамыр, сәрсенбі күні белгілі болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалғаны хабарланған еді.