Sportroom

Бразилия үшін ауыр соққы: Неймар әлем чемпионатына қатысупауы мүмкін бе?

Бразилиялық футболшы, «Сантос» клубының ойыншысы Неймар балтыр бұлшықетінің жарақатына байланысты 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізіп алуы мүмкін,— деп хабарлайды newsroom.kz

Неймар «Сантос» пен «Куритиба» арасындағы (0:3) матчта оң аяқ балтырының бұлшықетін жарақаттап алған. Осыдан бірнеше күн өткен соң ол Бразилия ұлттық құрамасының орналасқан жеріне келіп, медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері қанағаттанарлықсыз болып, Неймардың алдағы әлем чемпионаты алдындағы екі жолдастық кездесуге қатыспай қалуы ықтимал екені айтылды.

Оның әлем біріншілігіне қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.

34 жастағы шабуылшы – Бразилия ұлттық құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. Оның еншісінде 128 матчта 79 гол бар. Әлем чемпионатында Бразилия Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен бір топта ойнайды.

Алдағы мундиаль – тарихта алғаш рет 48 құрама қатысатын чемпионат болмақ. Бірқатар БАҚ Ресей құрамасы Иранның АҚШ пен Израиль арасындағы қақтығысқа байланысты бас тартуына орай әлем чемпионатына «wild card» арқылы қатысуы мүмкін деп болжаған еді. Алайда кейін Иран ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) матчтарын АҚШ-тан Мексикаға ауыстыру жөнінде келіссөз бастаған. 18 мамыр күні Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи ФИФА олардың құрамасының алдағы әлем чемпионатына қатысуына кепілдік бергенін мәлімдеді.