Кениядағы мектеп жатақханасындағы өрт: 10 оқушы қыз қаза тапты
Кенияның орталық бөлігіндегі Накуру округінде орналасқан мектеп жатақханасында ірі өрт болып, салдарынан кемінде 10 оқушы қыз көз жұмды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Қайғылы оқиға түнгі уақытта, жатақханада болған оқушы қыздардың барлығы ұйықтап жатқан кезде болған.
Өрт тұрғын бөлмелерге лезде таралып, оянып кеткен оқушылар арасында қатты дүрбелең туғызған. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Түрлі жарақат алған бірнеше қыз жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Өрттің нақты шығу себебі әзірге анықталған жоқ. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ресми тергеу жұмыстарын бастады.